Енді педагогтердің балалары бақшаға кезексіз барады
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. "Педагог мәртебесі туралы" Заңға сәйкес енді мұғалімдер мен бақша тәрбиешілерінің балалары мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен орын алу үшін кезекке тұрмайды. Бұған дейін мұндай жеңілдіктер әскери сала мамандарына ғана тиесілі болатын.
Петропавл қаласы бойынша алты мыңнан астам бала бақша кезегінде тұр. Жыл сайын жаңа нысандар салынып, тізімдегі балғындар саны да азайып келеді. Мәселен өткен жылы 10 мың бала кезекте тұрған. Әрбіреуінің ата-анасы өз кезегін "Индиго" интернет сайты арқылы бақылай алады. Бұрынғыдай қалалық әкімдікке барудың қажеті жоқ. Кезекке тұру үшін де аталған платформада тіркелу жеткілікті. Мектепке дейінгі мекемелердің қайсысында неше бос орын бар екендігі жайында ақпаратты да "Индигодан" алуға болады.
Алдыңғы жылдан бері балабақшаға жолдама беру рәсімі автоматты түрде жүзеге асырылады. Сайтта "алдын-ала брондау" қызметі де бар. Тізім жарияланып тұрады. Ата-аналар өздері қалаған бақшадан орын таңдайды, - дейді Петропавл қалалық білім бөлімі секторының меңгерушісі Сайран Испандиярова.Енді педагогика саласының қызметкерлері "Индиго" сайты арқылы өздерінің мәртесебін растаса жеткілікті. Балалары мектепке бақшаға кезексіз бару мүмкіндігіне ие болады.
Бұған дейін әскери сала мамандары мен арнайы органдардың қызметкерлері аталған жеңілдіктерге ие болатын. Көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қомқорлығынан айрылғандар үшін де арнайы санат бар. Мұндай мүмкіндікке падагогтар да ие болып отыр, - дейді Сайран Испандиярова.Облыс орталығындағы "Арай" балабақшасының тәрбиешісі Виктория Шмид өз баласын жекеменшік ұйымға беруге мәжбүр болған. Өйткені мемлекеттік бақшаға кезегі келмеген. Енді жас ана ұлын өзі еңбек етіп жүрген бөбекжайға ауыстыратынына қуанышты. Бұл отбасына қаржымен қатар, уақытты да үнемдеуге септеседі.
Биыл "Педагог мәртебесі туралы" Заңға сәйкес білім беру саласы қызметкерлерінің балалары балабақша кезегіне тұрмайтын болды. Өте жақсы жаңалық. Ұлымның жанымда болатыны ыңғайлы. Алаңсыз жұмыс істеймін, - дейді тәрибеші.Сала мамандары бұл жаңашылдықтың кадр тапшылығы мәселесін шешуге септесетініне сенімді. Петропавл қаласындағы білім беру мекемелерінде 3 мыңнан астам педагог қызмет етіп жүр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Индустрияландыру картасы аясында 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы