Енді мүмкіндігі шектеулі жандар цифрлық кәсіптерді тегін оқиды

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың қамқоршыларына IT-маман мансабын игеруге көмектеспек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, жобаға 20 маусымға дейін өтінім беруге болады.

Жобаның мақсаты-сұранысқа ие мамандықтарға оқытып қана қоймай, жұмысқа орналасуға көмек беру.

Курс төрт айлық теориялық сабақтан және екі айлық тәжірибеден тұрады. Онда оқушылар Қарағандының IT-компанияларында сыннан өтеді.

Курстарды цифрлық кәсіп мамандарын оқытуда тәжірибесі бар, халықаралық технопарктердің сертификатталған сарапшылары жүргізеді.

Оқу 5 шілдеде басталады. "Террикон алқабы" IT-хабында (Алалыкин көшесі, 12) өтеді. Қосымша ақпарат алу үшін және тіркелу үшін +7-776-5-444-666 телефонына хабарласу керек, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы