Енді мектеп оқушылары үйден тамақ әкеле алады

Мектеп оқушыларына үйден тамақ әкелуге рұқсат берілді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ведомстваның мәлімдеуінше, өзімен бірге әкелінген тағамды қабылдау үшін қажетті жағдай жасау туралы ата-аналардан  бірнеше рет ұсыныс  түскен.

Бұл негізінен денсаулығына байланысты белгілі бір диетаны қажет ететін балалар. Осыған байланысты, Тамақтануды ұйымдастыру қағидаларында білім алушыларға үй тағамдарын қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасау туралы норма көзделген. Енді білім алушыларға тамақтану үшін асханада орын беріледі, - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы