Енді медициналық анықтаманы eGov арқылы алуға болады

Қазақстанда тағы бір маңызды анықтама смартфон арқылы беріле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстандық жүргізушілер енді 073/у нысанындағы медициналық анықтаманы eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ала алады. Бұған дейін бұл құжатты тек eGov.kz порталы арқылы рәсімдеуге болатын.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясының хабарлауынша, 073/у медициналық анықтамасы – көлік құралын басқаруға қарсы медициналық көрсеткіштердің жоқтығын растау үшін қажет. Бұрын бұл анықтаманы алу үшін төрт дәрігердің тексеруінен өтіп, қағаз түрінде алу керек болатын. Кейінірек бұл қызмет eGov.kz сайтына енгізілді.

eGov Mobile арқылы анықтама алу үшін:

1. Қосымшаға кіру (авторизациядан өту) қажет;
2. "Қызметтер" бөліміндегі "Денсаулық сақтау" санатын таңдау керек;
3. "Көлік құралын басқаруға рұқсат беретін медициналық анықтама (№073/у)" қызметін табу қажет,
4. Өтінішті Face ID немесе Touch ID көмегімен растауға болады.

Осыдан кейін анықтама PDF форматында пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады. Құжат бір жылға жарамды және оны кез келген уақытта жүктеп алуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы