Енді әлеуметтік желілерде полицейлердің үстінен шағымдануға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында әлеуметтік желі арқылы полицейлер жұмысына қатысты барлық арыз-шағымдарды қабылдайды, деп хабарлады Polisia.kz.

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығына енді әлеуметтік желіде шағымдануға болады. Маңғыстау облысы Полция департаменті ӨҚБ бастығы Эмиль Рамазанов Instagram парақшасын ашып, қазіргі таңда жұмысын жүргізіп отыр.
Халықпен диалог және адамдардың қажеттіліктеріне жедел әрекет ету – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру кезінде қазір басымдыққа ие. Сондай-ақ ІІМ тапсырмасы бойынша әлеуметтік желілерде жасалған парақшалар да ашықтықтың куәсі болды, – дейді Маңғыстау облысы Полция департаменті ӨҚБ бастығы Эмиль Рамазанов.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға цифрландыру ықпал етеді, ол мемлекеттік қызмет көрсететін негізгі полиция бөлімшелері мен басқармалардың жұмысына қатысты. Патрульдік полицияға видеожетондар арқылы қашықтан бақылау жүргізу жоспарланып отыр. Облыстың патрульдік полициясының барлық экипаждары бейнетіркегіштермен жабдықталды. Планшеттер белсенді қолданылады, олардың көмегімен хаттамалар электронды түрде жасалады.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасында 47-52-69 сенім телефоны жұмыс істейді. Осындай сұрақтар бойынша ҚР ІІМ-нің 1402 бірыңғай сенім телефонына хабарласуға болатын еді, енді ӨҚБ бастығының парақшасына да қолжетімді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы