Енді кез келген адам ИП аша алмайды

Бұл туралы Мәжілісте жаңа Салық кодекстін таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Оның сөзінше, енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу процесі қатайтылатын болады.

Бізде тиісті нормалар дайын - бұрын құқық бұзушылық жасағандар мен қосымша белсенді емес жеке кәсіпкерлер үшін жаңа жеке кәсіпкерлік (ИП – ЖК) ашу процесі қиындатылады, - деп атап өтті вице-премьер.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚҚС бойынша шекті мөлшерді төмендетсек, бюджетке 400 млрд теңге шығын келетіні туралы жазғанбыз.  "Сән-салтанат салығы" деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салу туралы да айтылды. ҚҚС мөлшері қанша болатыны да белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы