Енді елімізде әйелдер мен жастар, мүгедектігі бар адамдар партиялық тізімдерге қосыла алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Саяси партиялар туралы» заңға өзгеріс енгізу туралы» заң жобасы қабылдады.     

Мәжілісте Әділет министрі Қанат Мусин заң жобасын таныстырды. 

Ұсынылып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әйелдер мен жастармен қатар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды партиялық тізімдерге міндетті түрде енгізуді көздейді, - дейді министр.

Айтуынша, бұл Мемлекет басшысының квоталанатын санаттарды кеңейту жөніндегі тапсырмасын іске асыруға байланысты, оған сәйкес «Сайлау туралы» Конституциялық заңнан басқа, «Саяси партиялар туралы» заңға тиісті түзетулер енгізу қажет.

Заң жобасын қарау барысында депутаттар Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халықтары Ассамблеясы қызметінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізуге бастама жасады. Жалпы, заң жобасы саяси партиялармен кеңінен талқыланып, олардың оң бағасын алды, - деп түсіндірді Қанат Мусин Мәжілісте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы