Енді демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. С. Бейсенованың елордадағы шектеу және карантиндік шаралары туралы жаңа қаулысына сәйкес келесі сенбіден бастап ОСО, сауда үйлерінің жұмысына тыйым салынды.

Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын жұмыс күндері қызметтерін жалғастырады. 

Осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы тек өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі, - деді Бейсеноава.

Қаулыда көрсетілгендей, карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған кезде жұмыстарына тыйым салынады. 

Айта кетейік, келесі сенбі-жексенбіден бастап сауда орталықтарының жұмысы тоқтатылғанмен, ондағы дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататын шағын маркеттер, супермаркеттер және гипермаркеттер жұмысын жалғастыра бермек.

Мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар ғимараттардың ішінде 30-дан аспайтын сыйымдылықпен жұмыс істейді. Олар санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғастырады.

- жабық азық-түлік базарлардың жұмысы 30%-дан аспайтын толымдылығын сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастырады.

- жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысын 30%-дан аспайтын толымдылығын сақтап, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен және демалыс күндері жұмыстарына тыйым салынады.

- азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысы жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастырылады.

- "демалыс күні" азық-түлік жәрмеңкелерінің (ашық ауада) жұмысы  тек демалыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылады.

- дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс істейді.

- Гүл сататын объектілер штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастырылады.

- жабық спорттық объектілер жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастырылады.

Қаулының толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы