Енді дәрігерді ұрғандар 15 жылға сотталуы мүмкін

Қазақстанда медициналық қызметкерлерге шабуыл жасағандар қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Айтуынша, дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсету мен шабуыл жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін жаңа заң күзде Парламентте қаралады. Яғни Қылмыстық кодексі жаңа бап – 158-1-бап енгізіліп, соған сәйкес бас бостандығын шектеу мен айыру түрінде жаза қарастырылады. 

Егер күш көрсету бір дәрігерге, медициналық қызметкерге қарсы болса – 2 жылдан 7 жылға дейін жаза қолданылады. Егер ТЖ жағдайында орын алса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер бір немесе одан да көп медициналық қызметкерлер тобына қатысты жағдай болса, 15 жылға дейін сотталады. Бұл – медициналық қызметкерлерімізді қорғау үшін бұл барынша қисынды шаралар. Қыркүйекте Парламент қарауына ұсынамыз, - деді Ақмарал Әлназарова. 

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға заңды қатаңдатуды тапсырды.

Дәрігерлер қауіпсіздігіне қатысты Үкімет дереу тапсырма берді.

Еске салайық, Қостанайда уролог, хирург Антон Кистанов пациенттің шабуылынан зардап шекті. Сондай-ақ оған қатысты тың мәліметтер белгілі болды.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дәрігерлерге қол көтергендерге қатаң жаза қолдану керек екенін айтты.

Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев дәрігер мәртебесі полиция қызметкеріне теңестірілуі тиіс деп бағалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы