Енді бұл мәртебеден айырылып қалды. Мәжіліске ең жас депутаттың келуі нені өзгертті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесу барысында айтты.

Депутат жастарға көңіл бөлініп жатқанын алға тартып, Мәжіліс құрамындағы жастардың үлесі артқанын мысалға алды. 

Мәжілістегі ең жас депутаттың жасы 25-те. Ол кеше өзінің тақырыбы бойынша депутаттық сауал жасады. Жастарға арналған жатақханалардың жағдайына қатысты мәселені көтерді. Осыған дейін ең жас депутат Геннадий Шиповских болатын. Енді бұл мәртебеден айырылып қалды, - деді ол. 

Депутат жастарға қатысты талқылайтын, ойластыратын көп мәселе бар екенін айтты.

Осы сынды «Жаңғыру жолы» алаңдары өте тиімді болып отыр, - деді депутат. 

Шара барысында  мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша диалогтық сарапшылық алаң құру талқыланды.

Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында ең жас депутат Мәди Ахметов алғашқы сауалын Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған еді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы