Енді бірнеше жерде жұмыс істейтіндер де бақылауға ілінеді
Елімізде азаматтардың бірнеше жерде жұмыс істеуі бірыңғай электронды жүйе арқылы қадағаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ-да өткен брифингте бүгінде жүйеге 5 миллионнан астам еңбек шарты тіркеліп, қамту деңгейі 90 пайыздан асқанын айтты.
Жүйеде қызметкерлердің жалақысы көрсетілмейді. Дегенмен ол бір адамның бір мезетте бірнеше мекемемен еңбек келісімшартын жасағанын анықтауға мүмкіндік береді. Қолданыстағы заңға сәйкес, азамат тек бір ғана жерде толық жұмыс уақытымен еңбек ете алады. Қалған орындарда тек жартылай немесе қосымша жұмыспен айналысуы қажет. Осындай жағдайларды біз тіркеу жүйесі арқылы көре аламыз, – деді вице-министр брифингте.
Еңбекмині жүйенің қамту аясын 100 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Конституциясы: 30 жылда Ата заң қалай өзгерді?
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы