Енді балқаштықтар жаңа залда ұлттық спортпен айналысады

Жас балқаштықтар жаңа залда ұлттық күреспен айналысатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайында қазақша күрес залы ашылды. Мұндағы барлық сабақ тегін өтеді.

Бөлме толығымен жабдықталған. Жаттығу үш бағыт бойынша жүргізіледі: қазақша күрес, дзюдо және бокс. Секциялар 8 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға қол жетімді.

Сабақ басталар алдында душ кабиналарына барады. Олар санитарлық нормаларды сақтай отырып, барлық қажетті материалмен қамтамасыз етілген. Ұлдар мен қыздарға арналған екі киім ауыстыратын бөлме бар. Жаттығу залы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Әдемі визуалды дизайн жасалды, – дейді Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайының директоры Алла Кузьмина.

Балаларға қазақша күрестен спорт шебері Мағди Дүйсетай тәлімгер болады. Жас спортшы Қазақстанның екі дүркін чемпионы, республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Мағди Дүйсетай облыстық БЖСМ-де жұмыс істеді, кейін Приозерск қаласында балуандарды тәрбиеледі. Ал қазір Балқаш қаласында балалардың шеберлігін шыңдайды.

Өткен аптада Балқашта үш заманауи аула спорт алаңы ашылды.

Биыл барлығы 18 аула абаттандырылады. Әрқайсысында балалар мен ересектерге арналған шағын спорт залы орнатылады. Көлемі жағынан сай келетін төрт аулада футбол алаңдары пайда болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы