Енді баланы автобустан шығарып жібермейді – Аймағамбетов
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов балалардың құқықтарын қорғауға қатысты заң жобасында қандай нормалар бар екенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кәмелет жасына толмаған балаларды, әсіресе кішкентай оқушыларды (1-сынып, 2-сынып балаларын – авт.) автобустардан, басқа да көліктерден шығарып жіберетін факті бізде көп. Қыста аязды күндері олар тоңып қалады. Мысалы, алдыңғы жылы Қарағанды қаласында және басқа да қалаларда осындай жағдай болды, - деді депутат.
Аймағамбетовтің сөзінше, депутаттар заңға жаңа норма енгізіп отыр.
Егер 16 жасқа дейінгі баланың жанында ересек азаматтан ешкім болмаса, онда оны автобустан шығарып жібере алмайы. Оған ешқандай мүмкіндік берілмейді. Сол себепті балалардың құқығын қорғайтын осындай қосымша нормаларды да қарастырып отырмыз, - деп түсіндірді мәжілісмен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы