Енді ата-аналар балаларын бір мектептен екіншісіне қалаған кезде ауыстыра алады

Оқу-ағарту министрлігі кеңейтілген алқа жиынын өткізді. Жиынның кулуарында Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев биылғы жаңалықтың бірін бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комитеті басшысының айтуынша, енді ата-аналар кез келген уақытта баласын бір мектептен басқа мектепке ауыстыра алады. Мұндай мүмкіндік 10 ақпаннан бастап енгізілді.

Бұрын ЖОО сияқты мектепте де баланы бір мектептен басқа мектепке көшіруге рұқсат берілмеген. Тек каникул кезінде ғана ауыстыру мүмкіндігі болды. Осы бұйрыққа көптеген ата-ана шағым айтқан еді. Себебі кейде отбасы қаланың бір бөлігінен екінші бөлігіне көшіп жатады. Бірақ баспанасын ауыстырса да, баласының мектебін ауыстыра алмайды. Бүгінде осы бұйрыққа өзгеріс енгіздік. Енді 10 ақпаннан бастап бұл шарт алынып тасталды, - деп түсіндірді Қаныбек Жұмашев кулуарда.

1-сыныпқа құжат қабылдау сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығына дейін ұзартылғанын еске сала кетейік. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы