Енді астық өнімділігі жоғарылайды – Ақылбек Күрішбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміздің барлық өмірлік маңызды органдарына "тамырын" жайған. Тіпті, ғылымға да.
Бұл туралы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ақылбек Күрішбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Егер жақсылап сілкілесек, біздің аграрлық ғылыми мекемелердің, әсіресе, тәжірибелі шаруашылықтардың қызметінен де көптеген "қызықты" мысалдарды табуға болады. Осыған дейін біздің университеттің құрамына ҒЗИ-ды беруге қаншама қарсылық білдіргендер болды! Осы ұйымдардың ішінен де, оларға "қамқорлық" жасап жүргендердің арасынан да. Енді, қосылу туралы шешім шыққаннан кейін, біз бұл шаруашылықты тексере бастадық, ақырында себептері де шыға бастады, – дейді Ақылбек Күрішбаев.Оның айтуынша, ғылыми ұйымда егіннің орташа шығымдылығы аудан бойынша орташа көрсеткішке қарағанда төмен, астық пен тұқым бағасы төмендегенде сатуға шығарылған, кейде, тіпті, алдын ала төлемсіз де сатылады екен, несиелер тиімсіз шартпен алынған.
Әрине, мұндай "май шелпекке" үйренген ғылым менеджерлері өз қолдарындағы билікті жоғалтқысы келмейді... Осыдан кейін ғылыми базаны дамытуға ақша жетпейтіндігіне, ғалымдардың еңбекақысының төмендігіне шағымданамыз. Көп нәрсе өзіміздің қолымызда, тек тиімді басқара білу керекпіз. Біздің университет өз жұмысын ведомствоға қарасты ҒЗИ мен тәжірибелік станцияда қазіргі заманғы мониторинг жүйесін құрудан бастады. Күзде сандық технологияларды тарта отырып, барлық егін жинау жұмыстарын бақылайтын боламыз. Менің ойымша, енді тәжірибе алаңдарының астық өнімділігі жоғарылайды, – деп жазды профессор, Ақылбек Күрішбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райына байланысты 7 өңірде ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы