COVID-19. Енді әлем елдері жаңа штамм туралы мәліметті жасыратын болады – Алмаз Шарман
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Профессор Алмаз Шарман коронавирустың жаңа штаммы Омрикон анықталғалы көптеген елдер Оңтүстік Африкамен әуе байланысын үзгенін айтады. Егер жағдай осылай жалғаса берсе өзге елдер коронавирустың жаңа штаммы жайлы мағлұматты жасыратын болады.
Оның айтуынша, омрикон штамы қазір Америка мен Еуропаның бірқатар еліне тарап үлгерген, енді біраз уақытта ол әлемнің әр түкпіріне жетеді.
Бір ғажабы осы жолы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірден әрекет етті. Иә, алаңдаушылық бар, алайда дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. Омрикон штамы жайлы алғаш Оңтүстік Африкадағы Дурбан университеті жанындағы инновациялық эпидемиологиялық орталықтың докторы Tulio de Oliveira мәлімдеді. Оның командасы секвенирлеудің молекулярлы әдісімен 50-ден астам мутацияны анықтады. Соның 32-сі осы омрикон штамында болды. Әрине, бұрын-соңды болмаған мұндай мутация саны атышулы Дельта нұсқасындағы мутациялар санынан бірнеше есе жоғары әрі ғалымдардың алаңдаушылығын тудырды, ал ДДҰ тиісінше дүрбелең тудырды, – деп жазды профессор facebook-тегі парақшасына.
Сонымен қатар ол жаңа штамның анықталғанын мәлімдеген Оңтүстік Африка әуе қатынасы бойынша халықаралық байкоттың астында қалғанын жеткізді.
Бұл жағдай Оңтүстік Африка елдері басшыларының наразылығын тудырды. Сәйкесінше енді ғалымдар коронавирустың жаңа штамы жайлы мәліметті жариялауда сақтанады. Сондықтан жағымсыз жаңалықты жазалаудың қажеті жоқ. Менің ойымша, 50 мутацияның көпшілігі зиянсыз болуы мүмкін. Ал Pfizer/BioNTech және Moderna компаниялары вакциналарын қысқа уақыт ішінде жаңа штамға тиімді ететіндей етіп жасайтындарын мәлімдеді, – дейді А. Шарман.
Сонымен қатар ол коронавирустың жаңа штамдары вакцина алу деңгейі төмен елдерден шығып жатқанын жеткізді.
Omicron нұсқасының пайда болу себептерінің бірі – ең алдымен, вакцина алмаған әрі иммун тапшылығы бар адамдардың денесінде вирустың ұзақ мерзімді репликациясы болуынан. Ондай адамдар Оңтүстік Африкада өте көп. Сондықтан бізге басты күшті вакцина алуға бөлу керек, – деп жазды ол.