Алакөлге ұшақ рейстері ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл көлінің жағалауына барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үшарал қаласына субсидияланған әлеуметтік-маңызы бар рейстерді орындау жоспарлап отыр.
Атап айтқанда:– Нұр-Сұлтаннан Үшаралға "Qazaq Air" әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 265 млн теңге бөлінеді. Тариф құны – 16 мың теңге.
– Алматыдан Үшаралға "Южное небо" әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Бөлінген сома – 225,8 млн теңге. Тариф құны – 10 мың теңге.
– Талдықорғаннан Үшаралға "Жетысу" әуе компаниясы мамырдан қазанға аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 218,7 млн теңге бөлініп, тариф құны 8 мың теңге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мақтааралда су деңгейі төмендеді
Өзгелердің жаңалығы