Енді 10 жылдан астам жүрген автобустарды тіркемейтін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында 10 жылдан аса пайдаланып келген автобустарды бастапқы тіркеуден өткізуге тыйым салу керектігі айтылды.
Бұл түзету «Жол жүрісі туралы» заң жобасында ұсынылып отыр.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар іс-шара атқарылды. Жол-көлік оқиғаларының саны соңғы жылдары азайғанымен, бұл өзекті мәселе болып қалып отыр. Оның бірнеше себебі бар. Солардың негізгілерінің бірі – техникалық жағдайы талапқа сай келмейтін, ескірген көлік құралдарының жолаушыларды тасымалдау саласында қолданылуы. Мысал ретінде, ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда елімізде әрбір үшінші автобус (36% немесе 90 603-тің 32 959-ы) жиырма жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, - деді Нұрлан Бекназаров.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш жол-көлік оқиғаларының артып, азаматтардың зардап шегуіне әкеліп жатыр. Сондықтан жолаушылар тасымалдайтын автобустарды жаңарту қажеттігі туындап отыр.
Осы орайда «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының заңына он жылдан аса пайдаланып келген автобустарды бастапқы тіркеуден өткізуге тыйым салатын түзету ұсынылады. Бұл норманы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу көзделуде,- деді сенатор.
Заң жобасы Сенаттың бірінші оқылымында мақұлданды. Енді екінші оқылымда талқыланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутаттар көлік жүргізушілеріне жақсы жағдай жасап жатыр
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы