Енді 10 жыл директор болғандар мектебін ауыстыруы мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мектеп басшыларының ротация тәртібіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде ротация туралы арнайы бұйрық бекітілген. Соған сәйкес, ротация бір елді мекеннің көлемінде ғана жүзеге асырылады. Мектеп басшылары үшін бұл ротация жеті жыл еңбек өтілі болғаннан кейін міндетті түрде қолданылады, – деді Жұмашев.

Комитет төрағасы атап өткендей, бір елді мекенде көбіне бір немесе екі мектеп ғана болуы мүмкін, сондықтан ротация тек сол мектептер арасында ғана жүргізіледі. 

Егер басқа елді мекенге ротация жасалса, жергілікті бюджет транспорттық шығындар мен тұрғын үй шығындарын көтеруі тиіс. Бірақ бұл бағыттағы шығындар қаралмағандықтан, ротация басқа елді мекенге мүмкін болмай жатады, – деді ол.

Жұмашевтің айтуынша, қазіргі кезде он жылдан астам басшылық қызметте отырған мектеп директорлары бар. Алдағы уақытта ротация ережесіне өзгеріс енгізіледі:

• Мектеп басшылары бес жылдан екі рет, яғни толық он жыл, бір мектепте қызмет атқара алады.
• Одан кейін ротацияға жатпайды және мектепті ары қарай басқаруға құқығы болмайды.
• Қызметін міндетті түрде ауыстыру қажет болады.

Міне, осындай өзгерістер енгізіледі, – деп түсіндірді Қаныбек Жұмашев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: vladtime.ru
Өзгелердің жаңалығы