Еңбекминінің Қоғамдық қабылдау бөлімі қашықтан жұмыс істей береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығын коронавирустан қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қоғамдық қабылдауы 2022 жылғы сәуірге дейін жұмысын қашықтан жалғастырады.
Барлық өтініштер электронды түрде Еңбекминінің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, «e-gov» электронды үкімет порталы, ҚР Президентінің виртуалды қабылдауы және «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) барлық азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы арқылы қабылданады.
Сондай-ақ 8 (7172) 74 36 03, 74 36 79 нөмірлеріне хабарласуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да 50 жыл құжатсыз жүрген ер адам анықталды
Өзгелердің жаңалығы