Еңбекминінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік-құқықтық актілері мен ұйымдық-басқару қызметі талданады. Тексеру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілетті адамдар талдау анықтамасын дайындайды, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы