Еңбекмин: Атаулы әлеуметтік көмек – уақытша көрсетілетін қолдау шарасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атаулы әлеуметтік көмек – уақытша көрсетілетін қолдау шарасы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов айтты.

Ол тұрмысы төмен азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету (АӘК) механизмі өзінің классикалық моделіне қайта өзгертілген болатын. Ол бірінші кезекте көмек көрсетудің айқындылығын, әділдігін, еңбекке деген мотивациясын көтеруге бағытталған. 2020 жылдан бастап жүргізіліп отырған АӘК-тің негізгі ерекшелігі – бұл ақшалай көмекпен қатар, 1 жастан 6 жасқа дейінгі баласы бар тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік топтама беру қарастырылған, - деді департамент директоры.

Асқар Ниязов атаулы әлеуметтік көмектің уақытша көмек екенін еске салды. Оның мақсаты – тұрмысы төмен отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыру, өз кәсібін ашуға ынталанған отбасыларға грант беру, кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету, қажет болған жағдайда біліктілігін арттыру курстарын жіберу арқылы кедейлік жағдайынан шығаруға көмек көрсету.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы