Еңбекке арналған ғұмыр: 30-50 жыл жұмыс істеген азаматтар марапатталды – фоторепортаж
Айта кетейік, Еңбек күні елімізде 2013 жылдан бері Президенттің бастамасымен аталып келеді.
Астанада ондаған жылын бір салаға арнаған еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың арасында 30, 40, тіпті 50 жылдан астам еңбек еткен мамандар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана қаласындағы Президенттік орталықта Еңбек күніне арналған «Еңбек – ел мұраты» республикалық форумы өтті.
Еліміздің әр өңірінен келген мамандардың еңбек жолы әртүрлі. Бірі – 44 жыл троллейбус жүргізген, енді бірі – жарты ғасырға жуық машинист болып еңбек еткен. Арасында токарь, слесарь, механизатор, станокшы, электр монтері, дәнекерлеуші, тракторшы, жүргізуші және басқа да мамандық иелері бар.
Марапатталғандар арасында еңбек өтілі жарты ғасырдан асқан азаматтар да бар. «Нұр-Авиценум» медициналық орталығының құрылтайшы-директоры Владимир Крайсманның еңбек өтілі – 53 жыл. Ал «Galex Plus» СТТФ» ЖШС шебері Валентина Зенкина 52 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Форум аясында еңбек адамдарына «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
«Құрмет» орденінің иегерлері
Тұрғынжан Аутов – «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі. Еңбек өтілі – 44 жыл.
Айдарбек Ақтанбердиев – «Метрополитен» КМК монтері. Еңбек өтілі – 44 жыл.
Арыстанқали Байымбетов – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бөлім басшысы. Еңбек өтілі – 39 жыл.
Константин Башкиров – «Степногорск подшипник зауыты» АҚ станокшысы. Еңбек өтілі – 43 жыл.
Айжан Беркінбаева – Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы. Еңбек өтілі – 28 жыл.
Сәкен Ділдәбаев – «KARLSKRONA LC AB» ЖШС токарі. Еңбек өтілі – 44 жыл.
Валентина Зенкина – «Galex Plus» СТТФ» ЖШС шебері. Еңбек өтілі – 52 жыл.
Шайхула Зиганшин – «Galanz bottlers» АҚ аға машинисі. Еңбек өтілі – 47 жыл.
Кеңес Ысқақов – «Жәйрем» кен-байыту комбинаты» АҚ «Жәйрем» кенішінің бұрғылау қондырғысының машинисі. Еңбек өтілі – 36 жыл.
Аян Қайыр – «Кедентранссервис» АҚ Павлодар қаласындағы филиалының бас инженері. Еңбек өтілі – 30 жыл.
Владимир Крайсман – «Нұр-Авиценум» медициналық орталығы» құрылтайшы-директоры. Еңбек өтілі – 53 жыл.
Оралбай Кұсайынов – «Семізбай-U» ЖШС «Семизбай» кенішінің слесарі. Еңбек өтілі – 33 жыл.
Салмен Нұрмағанов – «Астана-Зеленстрой» ЖШС машинисі. Еңбек өтілі – 47 жыл.
Өркен Станбеков – «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС Шу ауданы электр монтері. Еңбек өтілі – 34 жыл.
Бекжан Сыздықов – «Сәтпаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС жүргізушісі. Еңбек өтілі – 37 жыл.
Қанатбек Теміров – «KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалының слесарь-жөндеушісі. Еңбек өтілі – 40 жыл.
Қайрат Шағырбай – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Түркістан пайдалану локомотив депосының машинисі. Еңбек өтілі – 15 жыл.
Бейбітгүл Шонкенова – «Тарбағатай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ әлеуметтік жұмыскері. Еңбек өтілі – 36 жыл.
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлері
Қанат Темірбеков – «Астана су арнасы» КМК экскаватор жүргізушісі. Еңбек өтілі – 44 жыл.
Вячеслав Тюков – «Силикат» ЖШС слесарь-сантехнигі. Еңбек өтілі – 26 жыл.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері
Арыстан Әбішев – «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС электр-газбен дәнекерлеушісі. Еңбек өтілі – 31 жыл.
Берік Акылбеков – «Қарағанды Су» ЖШС тракторшысы. Еңбек өтілі – 30 жыл.
Талғат Байымбетов – «Жаңажол» ЖШС механизаторы. Еңбек өтілі – 43 жыл.
Мұрат Дүкебаев – «Интергаз Орталық Азия» АО «Тараз» магистралды газ құбырлары басқармасы филиалының операторы. Еңбек өтілі – 40 жыл.
Бейсенғазы Жұмабеков – «Агрофирма «Приречное» ЖШС механизаторы. Еңбек өтілі – 38 жыл.
Баратбай Қиясов – «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС токарі. Еңбек өтілі – 40 жыл.
Саятхан Құдайбергенов – «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Талдықорған қаласы №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушысы. Еңбек өтілі – 37 жыл.
Орынбасар Кұжантаев – «АтырауНефтеМаш» ЖШС газбен кесушісі. Еңбек өтілі – 44 жыл.
Ермек Майқынов – «Майкынов Е» ШҚ механизаторы. Еңбек өтілі – 37 жыл.
Мырза Малкенов – «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ тас қалаушысы. Еңбек өтілі – 31 жыл.
Мұрат Мұрзатаев – «Агротехника-Жамбыл» ЖШС бас инженері. Еңбек өтілі – 40 жыл.
Шалғымбай Мырзалиев – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Октябрьмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының слесарі. Еңбек өтілі – 42 жыл.
Татьяна Олейникова – «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС ревизоры. Еңбек өтілі – 37 жыл.
Сергей Петрунин – «Варваринское» ЖШС учаске басшысы. Еңбек өтілі – 46 жыл.
Мұрат Сабитов – «Атырау мұнай өндей зауыты» ЖШС машинисі. Еңбек өтілі – 44 жыл.
Есен Сұлтанов – «Қамқор Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалының токарі. Еңбек өтілі – 40 жыл.
Таңат Шонқалов – «Қаражанбасмұнай» АҚ бөлім басшысы. Еңбек өтілі – 45 жыл.
Сондай-ақ форумда «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары бойынша анықталды.
Бірі еңбек жолын осыдан жарты ғасыр бұрын бастаған, енді бірі өндірісте бірнеше буын маманның қалыптасуына куә болды.
Форумға жиналған азаматтарды әртүрлі кәсіп пен өңір ғана емес, өз ісіне ондаған жыл бойы адалдық танытқан еңбек жолы біріктірді.