«Еңбек жолы» конкурсына өтініш қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Парыз» конкурсына және Еңбек Күнін мерекелеуге арналған «Еңбек жолы» конкурсына өтініштер қабылдаудың басталғанын жариялады.

Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша идеясын іске асыру мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек адамы мәртебесін арттыруға және жұмысшы кәсібін дәріптеуге бағытталған «Еңбек күні» мерекесі атап өтіледі.

Еңбек күнін мерекелеу аясында Министрлік жыл сайын еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. 

«Еңбек жолы» конкурсының мақсаты қазақстандықтарды ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.

Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» атты 3 номинацияны қамтиды.

Үміткерлерден өтініш қабылдау 2019 жылғы 1 маусымнан басталады.

Назар аударатын жайт, «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын іріктеу республикалық деңгейде жергілікті деңгейде сияқты екі кезеңнен тұратын болады:

1-кезең:  дауыстардың барынша көп санын жинаған лидерлердің үштігін анықтайтын онлайн дауыс беру(барлығы 9 үміткер);

2-кезең: лидерлердің үштігінен онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша анықталған «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын анықтау.

 «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында конкурстың жеңімпаздарын марапаттау Еңбек күніне арналған өңірлік еңбек форумдарында және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында өтетін болады.

Ағымдағы жылы конкурсты өткізудегі жаңашылдықтар қатарында-әр номинацияда жүлделі орындарды ұлғайту. Егер өткен жылдары тек номинациясы үшін марапатталса, ағымдағы жылдан бастап жеңімпаздарға 1,2,3 орын беріледі. Сондай-ақ материалдық ынталандыру ретінде жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар берілетін болады.:

- 1 орын - 1 000 000 (миллион) теңге;

- 2 орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

- 3 орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге.

Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен жыл сайын өткізілетін «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсына өтінім қабылдау жүргізілуде. Іс-шара халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

2008 жыл мен 2018 жылдар аралығында «Парыз» конкурсына еліміздің барлық өңірлерінен 5 мыңнан астам кәсіпорын қатысқан. «Парыз» конкурсын өткізу нәтижесінде лауреаттар және қатысушылар тарапынан 163 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Әлеуметтік жобаларға, қайырымдылыққа және демеушілікке 164 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін ұстап тұруға кеткен шығын көлемі 39,5 млрд. теңгені құрайды. Газ тазалау қондырғылары мен су қондырғыларын салу, реконструкциялау, модернизациялау және ұстап тұруға 73 млрд.-тан астам теңге бөлінген. Абаттандыру мен көгалдандыру шығыны 37,2 млрд. теңгені құрады.

Бірқатар жоба ауылды аймақтарда жүзеге асырылуда – құрылыстан және ауыл инфрақұрылымын қолдаудан бастап әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық  мақсаттағы объекттерге дейін.

Конкурс аясында лауреат атағы үш санат бойынша шағын және орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш номинацияда беріледі: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Министрлік барлық мемлекеттік органдарды, еліміздің кәсіпкерлерін және мемлекеттік ұйымдарды Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шараны өткізуге және «Парыз» және «Еңбек жолы» конкурстарына белсенді қатысуға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы