Еңбек вице-министрі айына қанша қаржы жұмсайтынын ашық айтты

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев бүгінгі Сенат кулуарында өз отбасының ай сайынғы шығындары туралы айтты. Оның айтуынша, алты адамнан тұратын отбасы айына шамамен 500-600 мың теңге жұмсайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің сөзінше, отбасында алты адам бар – жұбайы және төрт баласы. Балаларының екеуі ересек, олар жұмыс істейді, ал екеуі әлі ата-анасының қамқорлығында.

Орта есеппен айына 500-600 мың теңге жұмсаймыз. Бұл – азық-түлік, оқу ақысы, балабақша мен түрлі үйірмелердің төлемі. Жұбайым қазір жұмыс істемейді, себебі кенже ұлым үш жаста, - деді Ертаев.

Ол Астанадағы бағаның жоғары болуына байланысты шығындарға балабақша, секциялар мен тамаққа кететін ақылардың да кіретінін атап өтті.

Ал өз жалақысының мөлшері туралы сұраққа вице-министр:

Мен бұл сұраққа жазбаша түрде ғана жауап бере аламын, себебі бұл – қызметтік пайдалану үшін шектеулі ақпарат, - деп түсіндірді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан ең төмен жалақыға қатысты шешім шығарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы