Еңбек министрлігі алаяқтардан абай болуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта қазақстандықтарға түрлі байланыс операторларының ұялы нөмірлерінен қоңыраулар түсуде.
Белгісіз адамдар өздерін Еңбекминінің қызметкерлері деп таныстырып, банктік картаның құлпын ашу үшін кредиттерді өтеуді сұрайды немесе азаматтардың жеке деректерін сұратады.
Ал Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалуды жүзеге асырмайды және жеке ақпарат сұрамайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері қазақстандықтарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы ұсыныспен қоңырау шалуды жүзеге асырмайды. Азаматтардан қырағылық танытуды және белгісіз адамдардың қулықтарына бой алдырмауды сұраймыз. Азаматтардан қырағылық танытуды және белгісіз адамдардың қулықтарына бой алдырмауды сұраймыз, – деп ескертеді Еңбек министрлігінің қызметкерлері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы