Еңбек министрі азаматтарды онлайн қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды онлайн түрде қабылдады. Үш сағаттық қабылдау барысында ведомство басшысы 12 азаматтың мәселелерін қарады.

Министрге Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Атырау және Қарағанды облыстарының тұрғындары көмек және кеңес алу үшін жүгінді.

Қабылдау барысында мүмкіндіктері шектелген балаларды оңалту, мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік және әлеуметтік мекемелерге кіріп-шығу мүмкіндігі, олардың құқықтарын қорғау және жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов өтініштер бойынша толық жауап берді, ал қарауға қосымша уақыт бөлуді қажет ететін мәселелер бойынша Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмектесу туралы тапсырма берді.

 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы