"Еңбек" бағдарламасын жүзеге асыруға 10,3 млрд теңге бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында "Еңбек" бағдарламасы үш бағытта жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші бағыт- қысқа мерзімді техникалық және кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау үшін 1 559,5 млн теңге қаралып, 3065 адамды оқыту жалғасуда. Бүгінгі күні 318 адам оқуды аяқтап, 219 -тұрғын жұмыспен қамтылған. Ал, 11 адам оқуын жалғастырып, 32 адам жұмыспен қамту органдарына тіркелген. Сондай-ақ, қысқа мерзімді оқытуға 441,1 млн теңге қаралып-1800 адам білім алуда. Оның 660 орны жұмыс берушілердің сұранысы мен 1140 адамды ваучер мамандығы бойынша оқытуда - делінген хабарламада.

Екінші бағыт - жаппай кәсіпкерлікті дамыту. 

"Бастау Бизнес" жобасымен маусым айында 1224 адамы кәсіпкерлік негіздерін оқи бастады. Сонымен қатар, бұл бағытта ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары да қолға алынған. 101 адам шағын несие алып, өз кәсіптерін ашқан. Ал,жаңа бизнес–идеяларды іске асыру үшін 483 адамға мемлекеттік грант берілген. Үшінші бағыт - халықты жұмыспен қамту шараларына 11205 адам тартылған. Жастар тәжірибесіне – 1481, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1003, қоғамдық жұмыстарға – 4187 адам және бос жұмыс орындарына 4534 адам жұмысқа орналасқан - делінген басқарма мәліметінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы