«Еңбек адамын ұлықтау» республикалық байқауы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «Еңбек адамын ұлықтау» республикалық медиа-байқауын жариялады.
Байқау жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және лайықты еңбек қағидаларын алға бастыру бойынша кәсіподақтардың қызметін кеңінен насихаттау мақсатында БАҚ, штатта және штаттан тыс жұмыс істейтін журналистер арасында өткізіледі.
ҚРКФ «Еңбек адамын ұлықтау» медиа-байқауы 5 номинация – «Үздік журналист», «Үздік ақпараттық әріптес», «Үздік фотообъектив», «Кәсіподақтардың үздік ақпараттық ресурсы» және «Үздік кәсіподақ баспасөз қызметі» бойынша өтеді.
Байқауға кез келген деңгейдегі БАҚ журналистері, тәуелсіз журналистер, Федерацияның мүше ұйымдарының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі қызметкерлері, фотографтар, блогерлер, сондай-ақ агенттіктер мен коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады.
2022 жылғы 1 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады.
Байқау жеңімпаздары Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеу қарсаңында биылдың 10 қазанына дейін белгілі болады.