Өткен жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 мың теңге болды

Астана, baq.kz. 2018 жылғы желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 440 теңгені құрады. Бұл туралы ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейі 2018 жылғы желтоқсанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,3%-ға жоғарылады. 

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығынның үлесі – 20,5%; сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаның шығыны – 16,3%; жеміс пен көкөністердің шығыны – 8,3%; нан және жарма өнімдерінің шығыны – 7,6%; қант, шай және дәмдеуіштердің шығыны 2,3%-ды құрады.

теңгемен

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық

Зейнет-керлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы

26 440

21 330

33 444

25 628

31 403

24 934

24 788

 Азық-түлік тауарлары

14 542

11 732

18 394

14 095

17 272

13 714

13 634

 Азық-түлік емес тауарлар

 мен көрсетілетін қызметтер

11 898

9 598

15 050

11 533

14 131

11 220

11 154

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы