Ең жас дауыс беруші таңдау жасады

№177 учаскеде еліміздің ең жас азаматы дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол – Аstana IT University студенті Рафа Бердалы. Сайлаушы бұл науқанға қатысудың аса маңызды екенін атап өтті.

Сайлау учаскесінде адамдардың көптігі таң қалдырды, бұл азаматтардың өз құқықтарына қаншалықты байыппен қарайтынын және дауыс беру процесіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Сайлау учаскесіндегі ұйымшылдыққа риза болдым. Бәрі түсінікті болды, мен қолдаған кандидатқа оңай дауыс бере алдым, – деді Рафа Бердалы.

Ол мұндай маңызды күнде дауыс бергені үшін өзіне естелік сыйлық берілгенін айтты.

Биыл мен 18 жасқа толдым.  Бірінші рет сайлауға қатысып жатырмын. Маған бұл бір мереке сияқты көрінеді,  өзіме бір үлкен жауапкершілік артылғанын сезінемін.  Сайлаудағы әрбір дауыс маңызды деп сенемін.  Себебі оның нәтижесі бұл халықтың үні,  халықтың қалауы.  Бұл нәтижеге әрі қарай халықтың,  мемлекеттің тұрмысы,  көркеюі байланысты.  Сондықтан  менің дауысым да нәтиже беретініне қуаныштымын, – деді ол.

Ол өзінің алғаш рет сайлауға қатысып отырғанын және бұл маңызды қадам екенін айтты.

Мұны бәріміз өз құқықтарымыз бен болашағымызды қорғау үшін істеуіміз керек, – деді Рафа Бердалы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы