Ең үздік баспасөз қызметі анықталды
Бүгін Astana Media Week-2022 апталығы аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мемлекеттік органдардың баспасөз қызметі мен баспасөз хатшыларын марапаттау іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шара барысында журналистер арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде «Жылдың үздік баспасөз қызметі» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі марапатталды.
Сондай-ақ медиа саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Артакшинова А., Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Хамитқызы Ж., Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Смадияров А., Қарағанды облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Шаповалова М. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Киік популяциясын сақтау. Германия тәжірибесі
Өзгелердің жаңалығы