Ең үлкен ғылым фестивалі Қазақстанда тағы өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Орталық Азиядағы ғылым және білім саласындағы ең ірі іс-шара - Нобель фестивалі 2021 жылдың 26-29 қазаны аралығында «Болашақ – бүгін!» ұранымен өтетін болды. 

Әлемдік ғылым жұлдыздары мен жаңашылдары Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжандағы студияларға қосылып, бүкіл әлем үшін ақыл кеңестерін береді.

2020 жылы басталған Nobel Fest Қазақстан мен Орталық Азияның мақтанышына айналды. Фестиваль жыл сайын ондаған Нобель сыйлығы лауреаттарын, «Ғылыми Оскар» - беделді Breakthrough сыйлығың лауреаттарын, сондай-ақ жүздеген ірі корпорациялардың басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерін жинайды.

Бұл жолы да фестивальге әлем ғылымының жарқын жұлдыздары келеді: Юваль Ной Харари - әлем тарихшысы, «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы» бестселлер кітабының авторы, Джейн Гудолл - ықпалды табиғат сақтаушы және БҰҰ бейбітшілік елшісі, Джонатан Медвед - израильдік стартаптардың атасы, Гаррик Хиллеман - криптовалюта бойынша әлемдік сарапшы және т.б. Олармен бірге фестивальге әлемнің ең беделді университеттерінің профессорлары: Лондон экономика мектебі, MIT, Калифорния университеті, Лондон империялық колледжі, Вашингтон университеті, сонымен қатар ірі халықаралық корпорациялардың жетекшілері мен сарапшылары (Microsoft, Google, SAP, Chevron, Coca-Cola және т.б.) қатысатын болады.

III Нобель фестивалі аясында Нобель сыйлығының лауреаттарының инновация, химия, физика, космология, экономика, білім мен технология салаларындағы арнайы дәрістер сериясы Nobel Fest серіктес университеттері үшін өткізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы