Ең үлкен аралдың бірінде жиырмадан астам адам қаза тапты
Мадагаскарда нөсер мен су тасқынынан жиырмадан астам адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2424.mg таратқан мәліметке сүйенсек, елдің төтенше жағдайлар және табиғи апаттар жөніндегі басқармасы су тасқынынан 20 мың тұрғынның зардап шеккенін айтты.
Өткен аптада шетелдік БАҚ табиғи апаттан үш адамның қаза тауып, 11 мың тұрғынның зиян көргенін жазған еді.
Соңғы есепке сәйкес, қаза тапқандар саны 22 адамға дейін артты. Қазіргі уақытта аралда табиғи апаттың зардабын тартқан 19 764 адам бар, - делінген ақпаратта.
7,3 мыңнан астам адам арнайы пункттерге орналастырылып, көмек көрсетіліп жатқаны айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жарылыс па: Алматыда қатты гүрсіл тұрғындардың зәресін ұшырды
Өзгелердің жаңалығы