Ең төменгі жалақы өсе ме? – Үкімет жауабы

Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов депутаттардың ең төменгі жалақы мөлшерін (ЕТЖ) 110 мың теңгеге дейін көтеру туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қорытындысында, әрине, депутаттардың қандай шешім қабылдайтыны белгілі болады. Бірақ қазіргі бюджет жобасында ЕТЖ-ны көтеруге арналған қаражат көзделмеген, – деді Ержан Біржанов.

Белгілі болғандай, депутаттар ең төменгі жалақы мөлшерін ұлғайту туралы бастаманы үш жылдық бюджетке қатысты қорытындыда көрсеткен.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыру қажет деп санайды, – делінген құжатта.

Еске салайық, бүгін Мәжілісте 2026 жылға арналған республикалық бюджет жобасы қаралып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы