Ең төменгі жалақыны көтеру не береді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады. Ол ең төменгі жалақы деңгейін көтеру экономиға қалай әсер ететінін түсіндірді.
Болжам бойынша, ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін көтеру экономиканың өсу қарқыны орташа есеппен 1,5 пайызға артады және жалдамалы еңбеккерлердің ақшалай табысы 1 млн 650 мыңға артады, - деді Ерұлан Жамаубаев.Сондай-ақ каскадтық әсер есебінен қосымша тағы да 2 млн еңбеккердің қолдағы табысы артатын көрінеді. Сонымен қатар 3,7 млн жұмысшының жалақысы артады.
Бұл шара қоғамдағы табысты әділетті бөлуге қолайлы әсер етіп, оң макроэкономикалық тиімділікке әкеледі, - деп атап өтті Қаржы министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы