Ең танымал смартфон қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы шығарылған iPhone 11 Apple-дің ең танымал смартфоны ретінде танылды. Бұл туралы PhoneArena Consumer Intelligence Research Partners (CIRP) агенттігі хабарлайды.

CIRP АҚШ-тың 2021 жылғы наурыздағы сату деректерін жария етті. Есеп бойынша қазіргі Apple смартфондарының ешқайсысы сатылуы бойынша бірінші орынды иеленбеген. Тек пайыздық көрсеткішке ие. Көш басында iPhone 11 тұр. Бұл модель сатылымның 24 пайызын құраған. Ал 2020 жылғы жаңа үлгіде шыққан Apple компаниясының гаджеттері нарықта 64 пайыз үлес алып отыр.

Одан төмен сатыда әрқайсысы 20 пайыздан орын алған iPhone 12 және 12 Pro Max жайғасты. Агенттік былтырғы жылдың ең сәтсіз құрылғысы iPhone 12 mini екенін мойындады және алдағы уақытта бұл модельдің өндірісін тоқтатпақшы. Одан қарағанда ескі модельдері iPhone SE, iPhone XR смартфондарының сатылымы тоғыз пайызға артқан.

Сарапшылардың айтуынша, жалпы көпшілік тұтынушылар үлкен экранды қалап, сатып алу кезінде назар аударады екен. Авторлар сонымен бірге АҚШ-та сатылатын iPhone-ның орташа құны бойынша бір жыл ішінде 795-тен 847 долларға дейін көтерілгенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы