15 Шілде 2024 2024, 15:45 Фото: -архив

Ең қымбат су қай елде?

Мамандардың айтуынша, жер бетіндегі тұщы су қоры тек 2040 жылға дейін жетеді.

Әлемде суды ең қымбат бағада сататын елді білесіз бе? Монакоға саяхаттап барсаңыз, 1,5 литр су үшін 5 доллар 80 цент төлеуге тура келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл біздің теңгеге шаққанда 2700 теңгедей. Ауызсу АҚШ-та да қымбат. 1,5 литр судың бағасы 2 доллардан асады. Бұл – Халықаралық су ресурстарын бақылау институты сарапшыларының дерегі. 

Мамандардың айтуынша, жер бетіндегі тұщы су қоры тек 2040 жылға дейін жетеді. Оған халықтың суды шамадан тыс көп тұтынуы себеп дейді.