"Ең қорқынышты": Оңтүстік Кореяда өрттен қаза тапқандардың саны күрт артты

Оңтүстік Кореяда күшті орман өртінен қаза тапқандар саны кем дегенде 24 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ВВС таратқан ақпаратқа сүйенсек, 26 адам зардап шегіп, 23 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.
Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Хан Док Су тілсіз жауды ел тарихындағы ең қорқынышты өрт деп атады.
Полицияның ақпараты бойынша, қаза тапқандардың басым бөлігі – 60-70 жастағы адамдар. Ал зардап шеккендердің ішінде 12 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Сонымен қатар өртті жою кезінде өрт сөндіру тікұшағы құлап, ұшқыш мерт болды.
Өрттен тұтастай аудандар жойылып, мектептер жабылып, билік екі мыңнан астам түрмедегі тұтқындарды эвакуациялаған.
Сонымен қоса өрт Ыйсон провинциясындағы 1300 жылдан астам тарихы бар будда храмы Кунсаны жойған.
ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасы нысаны деп танылған Чосон әулеті кезіндегі Хахве ауылына да қауіп төніп тұр.