Ең көп тұрғын үй қайда берілді?
Былтыр Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 2023 жылмен салыстырғанда 6,4% артып, 18 963,4 мың м² құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Оның ішінде:
• 12 120,8 мың м² - көпқабатты үйлер
• 6 653,9 мың м² - жеке тұрғын үйлер
• 179 730 м² - жатақханалар
• 9 030 м² - арнайы үйлер.
Өңірлік бөліністе ең көп тұрғын үй елордада пайдалануға берілді - 4,4 млн м² тұрғын үй.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша екінші орында 2,4 млн м² көрсеткішпен Алматы қаласы тұр.
Алайда, 2023 жылмен салыстырғанда Алматыда баспана құрылысының қарқыны 10,3% төмендеген.
Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары қарқыны Түркістан облысында тіркелді, мұнда құрылыс көлемі 27,7% артқан, ал Шымкент қаласындағы өсім - 26,1%.
Тұрғын үйдің негізгі бөлігін, яғни жалпы алаңның 89,5% (16 965,2 мың м²) жеке құрылыс компаниялары орындаған.
Осы көлемнің 6 932,8 мың м² халық күшімен салынған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайда АН-2 санавиация ұшағы қатты қозғалыспен қонды
Келесі жаңалық
Қазақстандық арнайы жасақ әлемнің үздік үштігіне кірді
Өзгелердің жаңалығы