Ең көп тікелей шетелдік инвестиция көлемі белгілі болды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, салалар бөлінісінде ең көп көлемі тау-кен өндіру өнеркәсібіне – 12,1 млрд доллар өңдеу өнеркәсібіне – 5,6 млрд доллар көтерме және бөлшек саудаға – $5,08 млрд, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет –1,1 млрд доллар көлік және қоймалау – 1,1 млрд, доллар құрылыс – 700 млн долар көлемінде тіркелген.
Айта кету керек, 2005-2014 жылдар аралығында тікелей шетелдік инвестиция ағынының жалпы құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі орта есеппен 10%-дан аз болды. 2015-2022 жылдар кезеңінде өңдеу өнеркәсібіне инвестициялардың орташа үлесі екі есеге жуық өсіп, 18,7%-ды құраған.
Соңғы үш жылда өңдеу өнеркәсібінің үлесі едәуір ұлғайып, 2020 жылы 18,5%-ды, 2021 жылы 22,9%-ды, 2022 жылы 20%-ды құрады. Бұл өңдеу өнеркәсібіне инвестиция көлемі де тұрақты өсіп келе жатқандығына байланысты. Мәселен, соңғы 8 жылда өңдеуші өнеркәсіпке ТШИ жыл сайынғы көлемі 2015 жылы 2,6 млрд доллар, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 5,6 млрд долларды құрады,-деді Алмас Айдаров.