Ең көп қаржы қай салаға бөлінеді?
Қазақстанда қай саланың ғылыми-зерттеу институттарына қаржы көп бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді.
Ведомство басшысы республикадағы ғылыми-зерттеу институттарына тоқталды.
Қазір жалпы мемлекеттік органдардың, ведомствоаралық бағынысты ұйымдардың саны – 104. Оның ішінде нақты 92 ғылыми және іргелі ғылым институты бар. Ең үлкен пайыз Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі – 33%. 30 ғылыми зерттеу институты бізде 26 институт – 28%. Жалпы бірнеше ведомствоға, атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мәдениет және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Сауда және интеграция министрліктеріне қарайтын институттар бар, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ министр ең көп қаржы қай министрліктің институттарына бөлінетінін айтты.
Ең көп қаржыландыруды алып отырған – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми-зерттеу институттары. Биыл оларға 19 млрд-қа жуық теңге, ал Денсаулық сақтау министрлігінің институттарына 35 млрд-қа жуық теңге қарастылған, - деді ведомство басшысы.