Ең қолайлы қала болуы тиіс. Әйтенов шымкенттіктерді күш біріктіруге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдындағы онлайн кездесуінде айтты. 

Шымкент - халыққа қолайлы қала. Шымкент өмір сүруге ең қолайлы қала болуы тиіс. Қаламыздың табиғаты жайлы айтар болсақ, қысы жұмсақ, су көздері мол. Сондықтан бұл маңда ежелден қалың халық тұрған. Оны тарихшылар дәлелдеп отыр. Ендігі жерде қала тұрғындарын қолайлы ету үшін күш бітіктіруге шақырамыз. Шымкент қауіпсіз қалаға айналуы керек. Былтыр Шымкентте 9723 қылмыстық іс тіркелген, - деді Әйтенов. 

Оның айтуынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еті үшін іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. 

Былтыр 109 автокөлік, 550 бейнебақылау камерасы мен 1802 компьютерлік техника алынды. Осы кешенді шаралар аясында қылмыстық істер саны 21 пайызға төмендеді. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Қалада қазір 2479 камера бар. Қаламыз алақандағыдай көрінуі үшін биыл «Сергек» жүйесін енгіземіз. Қалаға қосымша 3740 камера қойылады. Оның 2240-ы көшелерге, 1500 мыңы аула мен қоғамдық орынға орнатылады, - деді ол. 

Әйтенов қауіпсіздік үшін жарықтандыру мәселесін де жақсарту қажетін айтты. 

2021-2023 жылдары көшелердің 70 пайызы энергия үнемдейтін led шамдарымен қамтамасыз етеміз. Қаламыз қауіпсіз болуы үшін тілсіз жаудан сақ болуымыз керек. Былтыр қалада 207 өрт болды. 6 адам қайтыс болып, 4 адам жарақат алды. Биыл қосымша 3 ДЕПО салуды жоспарлап отырмыз, - деді Әйтенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы