Қазақстандағы ең қарт жүргізуші әйел 90 жасқа толды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол әлі күнге дейін "Приора" айдап жүр.
Ақтөбеліктер арасында баба Мотя деген атпен танылған Матрёна Зайдулина жақында 90 жасқа толды. Ол әлі күнге дейін көлік айдап жүр. Шөп дәрілермен емделеді. Жазда саяжайда егінмен айналысып, кейін базарда сатады. Бұл туралы "Диапазон" жергілікті газеті жазды.
Алғаш рет ең "кәрі" жүргізуші әйел туралы 14 жыл бұрын "Диапазон" газеті жазған. Ол кезде әже 1985 жылы Мәскеуден алып келген "шестеркасын" айдайтын.
Журналистер үйіне барған кезде әжей көлігінің қасында тұрған. Сөйтсе аккумуляторы "отырып қалыпты". Ол бірден қуаттағыш құрылғысын алып шыққан. Содан соң үйіне кіргізіп, шай берген.
Жақында 90 жасқа толғанда көршілері, туыстары және Башкириядан қызы келген.
Қызым құттықтау үшін түнде таксимен келді. Қонақтар келді, сыйлықтар мен торт әкелді, - деп бөлісті Матрёна Зайнашевна.