Әлемдегі ең беделді әйелдердің есімдері белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Forbes журналының мәліметінше, Германия канцлері Ангела Меркель 2019 жылы әлемдегі ең беделді топ-100 әйелдердің тізімін бастады.



Кристин Лагард
 

 

 

Алғашқы үштікке Халықаралық валюталық қордың басшысы және Еуропалық орталық банкінің төрайымы Кристин Лагард, сондай-ақ АҚШ Конгресі Өкілдерінің палатасы спикері Нэнси Пелоси енді.


 

 Нэнси Пелоси
 

Төртінші орынды Еурокомиссия төрайымы лауазымына алғаш тағайындалған әйел адам - Урсула фон дер Ляйен иеленді.


 

Урсула фон дер Ляйен
 

Рейтингтің 20-орнына - америкалық тележүргізуші Опра Уинфри, ал 40-орнына Британия патшайымы Елизавета II. Сонымен қатар, Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп 42-орынға тұрақтады. 


 

Опра Уинфри


 

Елизавета II
 


 

Иванка Трамп

Швециялық экологиялық белсенділердің бірі - 16 жастағы Грета Тунберг ең соңғы 100-орынға табан тіреп, беделді әйелдердің тізімін тәмамдады.


 

Грета Тунберг
 

 

Айта кетейік, неміс саясаткері Ангела Меркель 9 жыл қатарынан рейтингтің бірінші орнын иемденіп келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы