Емтихансыз жүргізуші куәлігі: Абайдағы ХҚКО қызметкерлері ұсталды
Тергеу мәліметінше, күдіктілер азаматтарды емтиханнан өткізу үшін заңсыз сыйақы алған. Іске делдалдар мен арнайы құрылғылар да тартылған.
Абай облысы прокуратурасының нұсқауы бойынша азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәліктерін алуға заңсыз ақшалай сыйақы үшін жәрдем көрсетті деген күдікке ілінген Мамандырылған ХҚКО лауазымды тұлғаларының заңсыз қызметінің жолы кесілді.
Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде азаматтардан жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандардан сәтті өткізу мақсатында заңсыз ақша алу схемасы анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Мамандырылған ХҚКО-ның жекелеген қызметкерлері сенімді тұлғалар арқылы жүргізуші куәлігін ақшалай сыйақыға алуға мүдделі азаматтарды іздеумен айналысқаны анықталды, - делінген Абай облысы прокуратурасының хабарламасында.
Сонымен қатар, заңсыз схемаға делдалдар тартылған, олар үміткерлерге нұсқаулық жүргізіп, теориялық емтихан тапсыру кезінде дұрыс жауаптарды алуға мүмкіндік беретін арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз еткен. Аталған техникалық құралдар алынды, заттай дәлелдемелер ретінде танылды.
Жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Абай облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері Мамандырылған ХҚКО-ның лауазымды тұлғаларын ұстады.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық мән-жайларын, сондай-ақ оған қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады облыстық прокуратура.
Абай облысының прокуратурасы пара беру мен пара алуды, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді заңсыз жолмен алуды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісі заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары прокуратура органдарының ерекше бақылауында.
Еске салсақ, осыған ұқсас қылмыс Алматыда да болған еді. Онда Арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері сотталды.
- Қазақстан университеттерінде оқу ақысы қанша тұрады? 16:58
- «Алтынға үміт бар»: Қазақстандық палуан Астанада өтетін әлем чемпионатына болжам жасады 16:45
- Сирия соты Башар Асадты өлім жазасына кесті 16:33
- Шетелдік азамат киімінің астына 70 мың доллар жасырып, ел шекарасынан өтпек болды 16:28
- Қазақстан мен Қытай арасындағы ортақ QR-төлем қалай жұмыс істейді? 16:10
- Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады 16:02
- Тазалыққа бастар жол – өзіңнен басталады: Астанада эко-сенбілік өтті 16:00