Эмоциямен қабылданған шешім сияқты. Олжаев Илон Масктің шешіміне қатысты пікір айтты

Қаржы саласының маманы, журналист Айбар Олжаев Twitter компаниясын сатып алған Илон Масктің шешіміне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл сатып алуда логика көре алмадым. 44 млрд доллар аз ақша емес. Эмоциялық шешім сияқты, немесе түпкі мақсаты бөлек, – деді Айбар Олжаев.

Еске сала кетейік, Илон Маск компанияны 44 миллиард долларға сатып алды. Осыған байланысты әлеуметтік медиа компанияның бұрынғы басшысы Параг Агравал мен қаржы директоры Нед Сегал «Twitter»-дің Нью-Йорктегі кеңсесінен кетті. 

«Washington Post» газетінің хабарлауынша, Маск әйгілі компанияны өз иелігіне алғаннан кейін оның қызметкерлерінің 75 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр. Айта кетсек, «Twitter»-де 7,5 мыңдай адам жұмыс істейді. Енді солардың саны 2 мыңға дейін азаюы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы