Эмомали Рахмон Қазақстанның экономикалық даму саласындағы елеулі жетістіктерін атап өтті
Тәжікстан Президенті құшақ жая қарсы алып, қонақжайлық танытқаны, сондай-ақ жоғары мемлекеттік награда – Qoja Ahmet Yasaui орденіне лайық көргені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Тәжік-қазақ қарым-қатынасын өркендетуге қосқан аздаған үлесіме берілген осы жоғары баға менің ғана емес, халқымның еңбегіне көрсетілген сый-құрмет деп санаймын. Бауырлас Қазақстанға әр сапарым жарқын сәттерімен есте қалады. Достас қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі табыстары және халықаралық аренада абырой-беделінің асқақтауы қуантады. Біз өркендеу мен гүлдену жолындағы Қазақстанның үйлесімді дамуына негіз қалайтын кейінгі жылдардағы реформаларды жоғары бағалаймыз. Бүгінгі келіссөз конструктивті саяси диалог, өзара сенім мен түсіністік сипатында өрбіді. Екіжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселені егжей-тегжейлі талқыладық. Келіссөз қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдеме ынтымақтастығымызды одан әрі дамытудың басты бағыттарын айқындады, – деді Эмомали Рахмон.