8 Тамыз 2024 2024, 18:07
Фото: Үкімет
Эмомали Рахмон Қазақстан астанасына келді
Эмомали Рахмон Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Эмомали Рахмон Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады.
Тәжікстан басшысын Премьер-министр Олжас Бектенов әуежайда күтіп алды.
Бүгінде елдер тауар айналымын одан әрі арттыруға күш салуда. Биылғы қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $575,7 млн-ды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 18,9%-ға артты.
Екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарының бірі – су қатынастары саласы. Тәжікстанда Рогун су электр стансасын салу жөніндегі энергетикалық жоба бүкіл Орталық Азия аймағына мультипликативті әсер береді.