Емханаға тіркеу: Атырау тұрғындарына 20 медұйым қызмет көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында бүгінгі күні 651 703 тұрғын бар. Оның 647 837-сі емханаларда тіркеуде тұр.
Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Атырау облысында бүгінгі күні 651 703 тұрғын бар. Оның 647 837-сі емханаларда тіркеуде тұр. 18 жасқа дейінгі балалар саны – 244 322-ні құрайды. Ауылдар бойынша емдеу ұйымдарына 356 524 адам тіркелген. Атырауда жалпы 20 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның 15-і – мемлекеттік емхана қатарында жұмыс атқарады, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
Айта кетейік, Атырау облысындағы жеке медициналық ұйымының саны – бесеу.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталды
Өзгелердің жаңалығы